№1 қалалық ауруханада «Латын графикасында жазу оңай және оңтайлы» атты семинар-тренинг өтті

№1 қалалық ауруханада «Латын  графикасында  жазу оңай және оңтайлы» атты семинар-тренинг өтті

2019 жылғы   28 наурыз күні  Жамбыл облысы әкімдігі   тілдерді  дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту  орталығы»  №1 қалалық аурухана қызметкерлеріне  жаңа әліпби  негізіндегі  қазақ тілі  емлесінің  ережелерін түсіндіру,  жаңа қазақ әліпбиін үйретудің  Qazalipbi.kz   онлайн бағдарламасын  таныстыру мақсатында  «Латын  графикасында  жазу оңай және оңтайлы»  тақырыбында  семинар-тренинг өткізді.  Аталған іс-шарада кейбір әріптер мен  шет тілінен енген сөздердің жазылуы түсіндірілді. Семинарға қатысушылармен жүргізілген  практикалық жұмыстар  кезінде  латын  графикасында жазылған мәтіндерді  қызметкерлер  оңай оқып, белсенділік танытты. Шара соңында  аурухана қызметкерлері латын графикасы  негізінде диктант жазды.

 

В Городской больнице №1 прошел семинар-тренинг  

28 марта 2019 г. «Центр  по  обучения языкам» управления  по развитию  языков акимата Жамбылской  области  в городской больнице №1 провел семинар-тренинг с целью  презентации  онлайн-программы Qazalipbi.kz, направленный  на разъяснение положений орфографии казахского языка на основе  нового   алфавита.  Участники семинара принимали активное участие в практических работах. В конце  мероприятия сотрудники больницы написали диктант, основанный на латинской графике.