Қабылдау бөлімшесінің қызметін жетілдіру бойынша Пилоттық жобаны орындау мақсатында №1 Қалалық ауруханада 2019 жылдың 26-27 наурызында шеберлік-класын Шұғыл медициналық көмек көрсету жөніндегі халықаралық сараптама тобының төрағасы Кевин Фрик және «Республикалық санитарлық авиация орталығы» ШЖҚ РМК нұсқаушы-дәрігері Тайбеков Б.К. өткізді

Қазіргі таңда халықаралық  тәжірибе  негізінде   емделушілерге көмек көрсету үшін стационардың қабылдау бөлімшесі қызметін ұйымдастырудың  жаңа форматтары  енгізіліп жатыр – Emergency departments.

ҚР ДСМ 2017 жылғы 15 желтоқсандағы  «Қазақстан Республикасында  стационарлық көмек көрсететін  медициналық ұйымдардың  қабылдау бөлімшесінің  қызметін  жетілдіру»  пилоттық жобасын  енгізудің  бірқатар  мәселелері» № 965 бұйрығына сәйкес «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы №1 қалалық ауруханасы» ШЖҚ  МКК    пилоттық ұйым тізіміне енгізілді.

Стационарлардың қабылдау бөлімшесінің  жұмысын жаңа форматта  жүргізуді  қарастыратын  пилоттық жобаны  енгізу  бойынша Жол картасын орындау  аясында   біздің стационарда  келесі жұмыстар  жүргізілді:

— Триаж-жүйесі енгізілді (емделушілерді іріктеу) – екі ағым – жоспарлы ауруханаға емдеуге жатқызу, шұғыл ауруханаға емдеуге жа

-қабылдау бөлімшесі  дәрігерінің  мамандығын (emergency doctor) ескере отырып,   қабылдау бөлімшесінің жаңа  құрылымы  енгізілді. Қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі  Турцияда Анкара қаласында  Emergencydoctor мамандығы   бойынша  «Participated in the Emergency Medicine and Triage Training Days»  циклында   білімін жетілдірді;

  • қабылдау бөлімшесінің қызметкерлер құрамы BLS/ACLS/PALS/PHTLS бағдарламалары бойынша  оқытылды,  қабылдау бөлімшесінің  аға мейірбикесі  Израильде  Хайфа қаласындағы  Рамбам клиникасында ТРИАЖ және  bls халықаралық стандартына сәйкес  шұғыл көмек көрсету   бойынша оқып-үйренді;
  • қабылдау бөлімшесінде жедел операциялық араласуларға арналған  операция залы, қарқынды терапия  палатасы және  экспресс-зертхана  ұйымдастырылды;
  • қабылдау бөлімшесін жабдықтау күшейтілді.

Қабылдау бөлімшесінің  қызметін жетілдіру бойынша Пилоттық жобаны  орындау мақсатында №1 Қалалық ауруханада   2019 жылдың  26-27  наурызында   шеберлік-класын  Шұғыл медициналық көмек көрсету жөніндегі  халықаралық сараптама тобының  төрағасы Кевин Фрик  және  «Республикалық санитарлық авиация  орталығы» ШЖҚ РМК  нұсқаушы-дәрігері Тайбеков Б.К.   өткізді.  Шеберлік-класс  қабылдау бөлімшесі жұмысының жаңа қағидалары,  шұғыл жағдайда  сұрыптаудың  заманауи тәсілдері, қабылдау бөлімшесі  қызметкерлер құрамының  стандарттары  және т.б. тақырыптар бойынша  сұрақтар талқыланды, сонымен қатар   жедел  медициналық көмек бригадасы шұғыл көмек  көрететін бөлімшеге  пациенттерді тапсыру,  шұғыл көмек көрсететін бөлімшелердің  шамадан тыс жүктемесі тақырыптары бойынша таныстырылым  көрсетілді.  Семинарға аурухананың  дәрігерлері мен орта буынды медицина қызметкерлері  қатысты.

Қабылдау  бөлімшесінің   медицина қызметкерлері шұғыл жағдайларда  ауырлық дәрежесі бойынша  пациентерді  іріктеу алгоритмі, өмірлік маңызды белгілері негізінде шұғыл жағдайларда  ауырлық дәрежесі бойынша  пациентерді айқындау қағидалары, науқастың  жағдайы нашарлаған  кезде  іс-әрекеттер және  ауырлық жағдайының   деңгейін анықтау  өлшемдері, жаппай апат  кезінде адамдарды   іріктеу бойынша  алғашқы іс-шараларды  жүргізу тактикасы,  клиникалық оқиғаларды  талқылау және т.б.  тақырыптар бойынша шеберлік-класына  қатысып, білімдерін жетілдірді.

 

Халықаралық сараптама тобының  төрағасы Кевин Фриктің айтуы бойынша  олардың негізгі келу мақсаты —  қабылдау бөлімшесінің жұмысын  жаңа форматта   ұйымдастыру, пациентердің  ағымын  білікті және дұрыс  айқындау,  шұғыл медициналық  көмекті тиімді  көрсетуді қамтамасыз ету  үшін ТРИАЖ жүйесі  бойынша   ауруханаға  түскен пациентердің  іріктеу тәжірибесімен  бөлісу.